«Заң мен тәртіп»

13.03.2026

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерлету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында әдістемелік тренинг өткізілді

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған әдістемелік тренинг барысында маңызды тақырыптар талқыланды. Тренингтің негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың тәрбиелік жұмыстағы рөлін нығайту.

Кездесу барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
🔹 «Педагогтың құқықтары мен жауапкершілігі»
🔹 «Педагог – заңға бағынатын мінез-құлықтың тәлімгері»

Тренинг барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби қызметте туындайтын түрлі жағдайларды талқылады. Мұндай кездесулер ұстаздардың кәсіби дамуына, құқықтық мәдениетін арттыруға және білім беру ортасында жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

 

Просмотров: 6537


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу