Жалпы ата-аналар жиналысы

06.10.2026

Бүгін мектебімізде кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Биылғы басқосуымыз «Бала тәрбиесі – мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі» тақырыбына арналды. 
Күн тәртібінде келесі өзекті мәселелер қаралды:  1. Қауіпсіздік және тәртіп.  Балаларымыздың мектептегі және көшедегі қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтауы туралы маңызды ақпараттар айтылды. 2. Ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңесті сайлау. Жаңа оқу жылында мектеп өміріне белсене араласып, бірлесе жұмыс істейтін ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің құрамы таңдалды. 3. «Бала эмоциясының құпия коды: Тілін қалай табамыз?» тренингі. Мектеп психологы баланың ішкі жан дүниесін түсіну, онымен дұрыс тіл табысу және эмоционалды байланыс орнату туралы пайдалы кеңестермен бөлісіп, практикалық тренинг  өткізді.

Просмотров: 333


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу