ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ
27.10.2026
ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІК ОТЫРЫСЫ
2026 жылғы 27 қазанда Тоғанас ауылының негізгі орта мектебінде әдістемелік бірлестіктің отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамытуға және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.
Күн тәртібінде:
«Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру.
Каникул жоспарының орындалуын қадағалау.
Олимпиадаға дайындық жоспары.
МОДО-ға дайындық жоспары.
II тоқсанға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарды (КТЖ) толтыру.
Кездесу барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, алдағы жұмыстардың міндеттері мен орындалу барысын талқылады.
Мақсатымыз – білім сапасын арттыру, кәсіби шеберлікті жетілдіру және әр оқушының табысқа жетуіне жағдай жасау!

