ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП – ҰСТАЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

24.11.2026

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП – ҰСТАЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

«Тоғанас ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де педагогикалық әдеп мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – педагог қызметкерлер арасында педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтау, кәсіби мәдениетті қалыптастыру, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру.

Күн тәртібінде:
- Педагогикалық әдеп қағидаттарын сақтау;
- Мұғалімнің кәсіби мінез-құлқы мен сөйлеу мәдениеті;
- Білім алушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау әдебі;
- Педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- Білім беру үдерісінде әдеп нормаларын ұстану мәселелері қарастырылды.
Жиналыс барысында педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіби беделі мен абыройын айқындайтын маңызды құндылық екені атап өтілді.

Ұстаз әдебі – ұрпақ тәрбиесінің өнегесі. Әрбір педагогтің мәдениеті мен адамгершілігі – сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі!

Просмотров: 73


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу